Қызметкер сот алдында жауап береді. Бұл туралы zakon.kz жазды.
Дереккөздің жазуынша, автосалон иесі Ибрагим Унверди өз қызметкеріне автокөлікті сату бойынша мәміле жасау үшін 215 мың түрік лирасын (12,7 миллион теңгеден астам) берген. Алайда келесі күні қарамағындағы қызметкері бастығына қоңырау шалып, ақшаны несиесін төлеуге жұмсап тастағанын айтады. Унвердидің айтуынша, басқа жұмысшылар бұған дейін өзін сол ер адамның өлтіргісі келгенін айтқан. Ол коронавирус жұқтырған адамнан бір құты сілекейді 70 долларға сатып алып, бастықтың шайына араластырған. Алайда Унверди ол шайды ішпеген. Сондықтан ол ауру жұқтырмаған. Осыдан кейін жұмысшысы бастығына «атып өлтіремін» деп сес көрсеткен. Бастығына: «Мен сені вируспен өлтіре алмадым, ал келесіде тура басыңнан атамын» деп хабарлама жазып жіберген.Автосалон иесі полицияға арызданды. Қызметкер қамауға алынды. Оған кісі өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр.