Полицейлер көпірден секірмек болған астаналықты құтқарып қалды

Полицейлер көпірден секірмек болған астаналықты құтқарып қалды

Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам полицейлерге көпірден секіруге не түрткі болғанын түсіндіріп айта алмаған.

«Кеше түнде сағат 23.46-да Сарыарқа даңғылындағы көпірдің үстінде ер адам отырғаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына жедел түрде патрульдік полиция полкінің инспекторлары Жандос Тұрашев пен Жақсылық Қарабаев барды. Онда полицейлер көпірден секірейін деп отырған ер адамда шап беріп ұстап алып, тротуарға сүйреп шығарды» делінген Полиция департаментінің хабарласында.

33 жастағы астана тұрғыны полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның ішімдік ішкені анықталды.