Ресейлік дәрігерлер бас сүйегіне қалам кіріп кеткен адамды құтқарды

Ресейлік дәрігерлер бас сүйегіне қалам кіріп кеткен адамды құтқарды

Ресейлік дәрігерлер 37 жастағы ер адамның көзінен бас сүйек қуысына, мидың маңайына дейін кіріп кеткен қаламды шығарды. Науқас түнде қалалық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілген екен.

«Шарикті қалам мидағы маңызды тамырлар мен бағананы зақымдамай, 1 миллиметр жетпей жанап өткен. Бұл таңғажайып жағдай. Отаны мүмкіндігінше мұқият жүргізу үшін дәрігерлер шеберлігі қажет болды», – делінген аурухананың Instagram-парақшасында. Операциядан кейін науқас тағы да КТ бақылаудан өтіп, реанимацияға ауыстырылды.