Елордада карантин тәртібін бұзушыларды анықтау жалғасуда

Елордада карантин тәртібін бұзушыларды анықтау жалғасуда

Құрамына Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері, әкімдіктің қызметкерлері, еріктілер мен полицейлер енген мобильді топтар күн сайын рейдтік жұмыстарды жүргізу барысында карантин тәртібін бұзушыларды анықтауда. Осылайша, кеше сағат 23.20-да «Заречный» моншасын тексеру барысында аталған жерде қолданыстағы тыйымға қарамастан 25 адамның болғаны анықталды. Сонымен қатар, мобильді топтар рейдтік іс-шаралар жүргізу барысында сағат 01.00-де «OpusOne» караоке-мейрамханасы карантиндік режимді бұзғанын анықтады. Мобильді топ келген сәтте аталған мейрамханада келушілер болған. Осылайша олар адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген. Демалыс күндері Полиция департаменті аумақтық бөліністерінің қызметкерлері және Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері бірлесіп, 107 кәсіпкерлік объектіні тексерді, нәтижесінде карантиндік режимді бұзудың 20 фактісін анықтады. Карантиндік режимді бұзушыларға қатысты жиналған материал Қазақстан Республикасы ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тарту үшін Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті карантин талаптарын сақтамаған жағдайда коронавирус індетінің таралуы қаупі туындайтынын еске салады және аталған құқық бұзушылыққа жол бергендер қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауаптылықа тартылатынын ескертеді.