Көп түкірсе – көл

Көп түкірсе – көл

Биыл ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына – 175 жыл. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерейтойды жоғары деңгейде мерекелеу Жарлығына қол қойғаны баршамызға мәлім.

Ал Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына туған өлкесі Семей қаласы дайын­дықты бастап кетті.

– Біз өңірлерге ұсыныстар айтып отырмыз. Біріншіден, еңселі жаңа көпірді жарықтанды­руы­­мыз керек. Нысан жаңа кейіп­­ке енсе, шаһардың да шы­райы ашыла түсе­ді. Одан кейін Ертіс өзе­­нінің жаға­лауын абаттандыру ойда бар. Қалғаны саябақтар мен көшелерді көр­кейту сияқты жобалар, – дейді қала әкімі Ермак Сәлімов.

«Көп түкірсе – көл» деген­дей, қаланы абаттандырып, көше­­лерді көркейту жұмыстары­на еліміздің басқа да өңірлері үлес қосуға ниет­ті. Әзірге жал­пы құны 9 жа­рым миллиард теңге болатын бір­неше жоба мақұл­данған. Мәсе­лен, Алматы қаласы мен Түр­кістан облысы жаңа мешіт ма­ңайын абат­тандыруға күш сал­мақ. Ал Алматы облысы Әуезов даң­ғылының бойынан жаяу жүр­гіншілер үшін «Абай жолы» деп аталатын жобаны жүзеге асырады.

Батыс Қазақстан облысы Әуезов алаңын қайта жаңғыр­тады. Бұл жұмыстарға мемле­кет қазы­на­­сы­нан бөлек кәсіп­кер­лер қаржы­сын да тарту көз­­делген.