Ұлттық банк тағы бір ескі банкноттарды қабылдау тоқтататынын мәлімдеді. ҚР Ұлттық банкі 2021 жылы 3 наурызда 2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау кезеңінің аяқталатынын еске салды.
Банкноттарды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастау тек Ұлттық банктің филиалдарында жүзеге асырылады. Филиалдардың мекенжайы мен байланыс телефондары Ұлттық банктің сайтында көрсетілген.«2006 жылғы үлгідегі номиналы 1000 теңгелік банкноттарды айырбастау 2017 жылдың 2 наурызында басталды. Енді ол 2021 жылдың 3 наурызына дейін жалғасады. Көрсетілген мерзімнен кейін Ұлттық Банктің филиалдары аталған банкноттарды қабылдау мен айырбастауды тоқтатады», – деді ведомствода.