400 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды

400 келі балықты заңсыз аулаған тұрғын ұсталды

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ауланған балықтарды тасымалдаған тұрғынды ұстады.

Түркістан облысының полицейлері жедел-профилактикалық, рейдтік іс-шара жүргізді, деп хабарлайды Polisia.kz. Соның барысында Келес АПБ-нің Табиғатты қорғау тобының инспекторы Жанболат Сапарбаев, түнгі сағат 02:00 шамасында күмән тудырған «Ауди С4» маркалы көлікті тоқтатқан. Яғни, көліктен су ағып келе жатқан. Оның үстіне полицей көліктің ауыр салмақтан баяу келе жатқанын байқаған. Нәтижесінде, көліктің ішінен 400 келіге жуық әртүрлі балықтың бары анықталды. Ол – заңсыз ауланған.

Осыған орай тұрғын АПБ-не жеткізілді. Жүк тәркіленіп, Шардара балық заводына тапсырылды. Ал қылмыстық іске қатысы бар тұрғын аудандық ПБ СДТБТ-де ҚР ҚК 335-бап (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша тіркеуге алынды. Бас шарасы – міндеттеме. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.