Қытайда автобус астында қалған зейнеткерді жұрт құтқарып қалды (видео)

Қытайда автобус астында қалған зейнеткерді жұрт құтқарып қалды (видео)

Қытайда автобус астында қалған зейнеткерді құтқармақ болған қалың жұрт қоғамдық көлікті жабыла көтерген. Оқыс жағдайдың видеосы YouTube-тағы CGTN парақшасында жарияланған.

Видеода жайбарақат жолды кесіп өтіп бара жатқан зейнеткерді автобус қағып кетеді. Қоғамдық көлік жүргізушісі дер кезінде тежегішті басып үлгермеудің салдарынан зейнеткер автобус астында қалып қояды. Бұл жайтты көрген сол маңдағы өзге адамдар дереу автобусқа қарай жүгіреді. Олар патрульдік полиция қызметкерлеріне ауыр автобусты көтеруге көмектеседі. Тұрғындар жан-жақтан жабыла кетіп, автобусты жерден оп-оңай көтеріп жібереді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей автобус астында қалған қарияны бірден қауіпсіз жерге шығарып, жедел жәрдем шақырған. Қарт кісі жарақат алғанымен, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ деді дәрігерлер. [embed]https://youtu.be/i-Y6inR7sRs[/embed]