Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшпекші

Димаш Құдайберген АҚШ-қа көшпекші

Димаш Құдайберген жеке шығармашылығын дамыту үшін АҚШ-қа көшетінін айтты. Бұл туралы әнші MTV USA арнасына ағылшын тілінде сұхбат берген.

Димаш Кевин Кеннимен болған тоғыз минуттық әңгімесінің үзіндісін әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Оның айтуынша, оған жанкүйерлерімен әңгімелесу, ата-анасының қуанышы шабыт сыйлайды. Сондай-ақ ол Қытайдағы өмірі туралы айтты. Онда тұрғындардың өзін жылы қарсы алғаны ұнаған екен.

 «Менің қытайлық аудиториям өте мейірімді, қамқор», – деді ол. Ал музыканың, шоу-бизнес пен өнердің ордасы АҚШ-қа ол жеке шығармашылығын дамыту үшін көшуді жоспарлап отырғанын айтты. Бірақ «отбасым өмір сүріп жатқан жер – әрдайым сүйікті мекенім» деді әнші.

 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)