Келіншек абайсызда пышақтың жүзіне ұқсас сынықты жұтып қоя жаздады

Келіншек абайсызда пышақтың жүзіне ұқсас сынықты жұтып қоя жаздады

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны пышақтың жүзіне ұқсас сынықты жұтып қоя жаздағаны жайында Facebook-тегі «Астана – Что? Где? Когда?» тобында жария етті.

Оның сөзінше, өткір зат кәдімгі нанның ішінен шыққан.

«Бүгін таңертең таңғы асқа нанға май жағып жедім. Аяқасты ауырғандай болды, аузымнан қан аға бастады. Жайлап аузымдағы нанды шығарып, қарасам, онда пышақтың жүзіне ұқсас темірдің сынығы жүр... Иегімнің астыңғы жағын тіліп жіберіпті», – деді автор.

[caption id="attachment_110209" align="alignleft" > ©Сурет интернеттен алынды[/caption]

Осылайша, елордалық тұрғын аудандық кәсіпкерлік бөліміне жүгінген. «Мен оларға тағы бір жағдайды айтқым келді, ал олар мені тыңдамай телефон тұтқасын қоя салды. Шамасы, асыққан шығар. Нан Қосшы кентінің «Алтын орда» шағын маркетінен сатып алынды. Сақ болыңыз! Ол балаларыма емес, маған шыққанына шүкір. Әйтпегенде не боларын кім білсін?!», – дейді келіншек.