Алматыға шетелден анықтамасыз келетін жолаушылар азаяр емес

Алматыға шетелден анықтамасыз келетін жолаушылар азаяр емес

Терминалға кірген кезде дене температурасын міндетті түрде өлшеу жүргізіледі. Әуежай қызметкерлері бетперде режимін және әлеуметтік қашықтықты қатаң бақылайды.

Қолды өңдеуге арналған санитайзерлер орнатылған. Әрбір рейстен кейін ғимараттар мен перрондық автобустарға күшейтілген дезинфекция жүргізіледі. Келушілерді хабардар ету мақсатында адамдар көп жиналуы мүмкін жерлерде әлеуметтік қашықтықты сақтау мақсатында белгілер бар, күту залындағы креслолар шахматтық тәртіппен белгіленген. Әуежайда санитарлық нормалардың сақталуын мониторингтік топтар бақылайды. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жанындағы Республикалық арнайы мониторингтік топтың жетекшісі Айгүл Соловьева және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жанындағы РАМТ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов Алматы халықаралық әуежайында санитарлық-эпидемиологиялық шаралардың сақталуына кезекті мониторинг жүргізді.  

«Біз Алматы әуежайы қолданатын барлық реттілік пен алгоритмді қадағаладық. Біз не көрдік? Бірінші кезекте, кірген кезде – міндетті түрде бетпердесіз кіресің бе және санитарлық нормаларды қаншалықты сақтайтыныңды түсіріп тұратын мониторды көріп отырмыз», – деді Айгүл Соловьева, сондай-ақ ол ПТР тапсыру пункттерінің жұмысы мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, қала тұрғындары көбірек жауапкершілік танытып, саналы түрде Қазақстан аумағына қайтып келгенге дейін алдын ала ПТР тестілеуден өтуі тиіс.

Инспекциялау барысында мониторингтік топ мүшелері халықаралық авиарейстерге келетін жолаушылардың қозғалыс бағытымен танысты.  

«Біз Алматы қаласы бойынша осындай мониторингті тұрақты түрде жүргізіп отырамыз. Әуежайға барып, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін қала басшылығымен бірлесіп енгізілген жаңалықтармен таныстық», – деді Рафаэль Гасанов.

9 ақпанда Алматы әуежайына 1 524 жолаушысы бар 8 халықаралық әуе рейсі келді. Олардың ішінде 1 303 жолаушының анықтамасы бар, 221 адамның анықтамасы жоқ.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарда өз нәтижелерін күтеді.