Түркістан облысында 22 жастағы депутат 100 отбасыға азық-түлік таратты

Түркістан облысында 22 жастағы депутат 100 отбасыға азық-түлік таратты

Қайырымдылық іс-шарасына Келес аудандық мәслихатының депутаты Мұхтар  Әбдімәлік айрықша үлес қосты.

22-ге енді толған депутат әлеуметтік жағдайы төмен 100 отбасына азық-түлік таратуға демеушілік жасады. Ол Nur Otan партиясының праймеризі әрі жастар квотасы арқылы мандатқа ие болды.  Ел алдында берген уәдені орындау  басты мақсаты екенін айтқан ол депутаттық жұмысын игі іспен бастады.

«Мақсатым – ел сенімін ақтау. Партия бағдарламасындағы міндеттерді орындауға бар күш-жігерімді саламын», – дейді Мұхтар Әбдімәлік.

Азық-түлік пен тұрмысқа қажеті заттар салынған қораптарды Jas Otan жастар қанатының еріктілері мен Келес аудандық «Жастар ресурстық орталығының» жастары мен тұрғындарға таратып берді.  Көмекке ие болған тұрғындар депутат пен жергілікті имамдарға, ерікті жастарға ризашылығын білдірді.   Түркістан облысы бойынша облыстық, аудандық және қалалық мәслихаттарға Nur Otan партиясы фракциясынан 263 депутат сайланған. Оның 37-сі – облыстық мәслихат депутаттары.

Осылайша, мәслихаттағы Nur Otan партиясы фракциясының құрамы 60%-ға жаңартылды.  Қаңтар айынан қазіргі күнге дейін Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардың жаңа депутаттары 131 кездесу өткізіп, 329 тұрғынның өтініші мен талап-тілегі қабылдап үлгерді.