Жүргізуші куәлігін ұмытып кеткендердің бұрынғы айыппұлы кешірілетін болды

Жүргізуші куәлігін ұмытып кеткендердің бұрынғы айыппұлы кешірілетін болды

Заң жобасындағы жаңа өзгерістерге байланысты 13 ақпаннан бастап жүргізуші куәлігінсіз жүруге рұқсат. Бұл туралы КТК хабарлады.

Ертеңге дейін жүргізуші куәлігін ұмытып кеткені үшін айыппұлын төлеп үлгермеген жүргізуші бұл міндеттен құтылады. Бірақ ол үшін өзі өтінім жіберуі тиіс. Әрі оның жеке басына қатысты мәліметі мен жол жүру ережесін сақтауына қатысты деректер міндетті түрде тексеріледі.

Нұр-Сұлтан қалалық әкімшілік полиция басқармасы басшысының орынбасары Сымбат Шоқытаев: «Жеке басын анықтайтын құжаты болуы қажет. Егер бұл құжаттар болмаған жағдайда, тұлға Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 612-бабы, 1-бөлімімен әкімшілік жауапқа тартылады. Бірінші жағдайда жүргізушіге ескерту жасалады. Егер қайтадан әкімшілік құқық бұзушылық фактіні жасаса, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынады», – дейді.

Бұл жеңілдіктің шетелдік нөмірлі автокөлік иесі мен басқа елде жүргізуші куәлігін алған азаматтарға қатысы жоқ.