Шығыс Қазақстан облысында шектеу шаралары 27 ақпанға дейін ұзартылды.
30 қаңтарда жарияланған №3 қаулыға бірқатар өзгеріс енгізілді. Құжатта медициналық немесе қарапайым матадан тігілген масканы дұрыс кию талаптары нақтыланған: маска мұрынды, ауызды және иекті тұтас жауып тұруы тиіс. Сөйлескен кезде масканы иекке сырып тастауға, қолға немесе мойынға байлап жүруге болмайды.«Бұл талаптар қазір жұмыс істеп тұрған нысандардағы қызметкерлердің барлығына бірдей. Сондай-ақ қайта әлеуметтендіру және бейімдеу орталықтарына, денсаулық сақтау ұйымдарына ем-шараға мәжбүрлі түрде жеткізілген белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар ПТР әдісімен зертханалық тексеруден өтеді», – деп жазылған қаулыда.