Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова коронавирустың жаңа штамына қатысты ақпаратты бөлісті.
Бұған дейін Әсел Қалықова Алматыда эпидемиологиялық ахуал нашарлағанын айтқан болатын."Бүгінде Алматыда КВИ-дің жаңа штамы анықталған жоқ. Коронавирустың жаңа штамы пандемияның жаңа толқынына себеп болу ықтималдығы өте төмен. Себебі вирус қайтадан өзгермейді, әсіресе дүниежүзі бойынша жаппай вакцинация басталып жатыр", – деді Әсел Қалықова.