Виктория Буэноның бар арманы биші болу еді. Бірақ оған ол арман еш орындалмайтындай көрінді. Себебі, Виктория дүниеге келгенде қолы болмаған. Тіпті, анасы да күмәнданған. Өйткені алғаш балет сыныбына апарғанда «бес жасар қызы биді алып кете алар ма» деп уайымдаған. Бәрі бір Құдайдың қолында екен. Бұл туралы ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қазір 16 жастағы жасөспірім туған қаласы Минас-Жерайстағы балет академиясына баруын үзген емес. Буэноның сол таланты оны әлеуметтік желінің жұлдызы етті. Сонымен қатар көп адамның шабытын оятты. Сахнадағы биін тамашалаған көрермен тіпті оның қолы жоғын да байқамайды.«Маған тіпті олар мүлдем қажет емес сияқты», – дейді ол.