COVID-19: Павлодар облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

COVID-19: Павлодар облысы әлі де «қызыл» аймақта тұр

Эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Павлодар облысы «қызыл» аймақта тұр.

Бұған дейін «қызыл» аймақта болған Ақмола облысы «сары» аймаққа ауысты. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары бар. Қалған өңірлер «жасыл» аймақта тұр.

Жалпы Қазақстан коронавирустың таралу қаупі жағынан «жасыл» аймақта тұр.