Павлодар облысында полиция қызметкерлері Ақсу ауданының тұрғынын аса қатыгездікпен өлтірген күдіктіні ұстады. Бұдан бұрын полицейлер осы қылмысқа қатысы бар тағы бір адамды ұстап, ол сотталған болатын, – деп хабарлады Polisia.kz.
Оның айтуынша, осы іске қатысы бар тағы бір қылмыскер бұрын ұсталып, сотталған. Ол 18 жылға бас бостандығынан айырылған. Қылмыстық іс ҚР ҚК 99-бабы «Адам өлтіру» бойынша жүргізілді. Екінші күдікті жасырынып үлгерген. Ол халықаралық іздеуге жарияланды. Қазір қылмыскер ұсталып, Павлодар полициясы уақытша ұстау изоляторына қамалды.«10 ақпанда Anti-Fraud және «Барьер» жедел алдын алу шарасы кезінде полиция қызметкерлері Павлодарда адам өлтіргені үшін іздеуде болған 39 жастағы ер адамды ұстады. Белгілі болғандай, 2018 жылы 25 маусымда сағат 03:25-те Ақсудағы дәмханалардың бірінде екі ер адам Ақсу тұрғынын ұрып-соққан. Содан соң оны Ленинск – Курчатов жолының маңына апарып, өлтірген»,– деді Павлодар облысы полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.