Атыраулықтар темір тордың ар жағындағыларға қамқорлық жасаудың үлгісін көрсетті. Бұған дейін өңір тұрғындарының түрмеге отырғандарға арнап онлайн дүкен ашқаны туралы жазылған еді. Енді осы жолы атыраулық зейнеткер әйелдер колониясының кітапханасына 100-ден астам кітапты сыйға тартыпты.
Облыс орталығындағы УГ-157/11 мекемесінің кітапханасы 6 мыңнан астам кітаппен қамтылған. Оның ішінде қазақ тіліндегі әдеби шығармалардан бөлек, әлем классиктерінің де кітаптары бар. Бұл түрмеде жазасын өтеп жатқан 150-ден астам әйелдің кейбірі айына 5 кітап оқиды. Енді оларға жергілікті зейнеткер Мәлік Көптілеуов 100-ден астам кітапты сыйға тартты. «Бұдан бұрын жергілікті газеттер арқылы Атырау тұрғындарынан мекемеге қайтарымсыз кітаптар қабылдайтынымызды хабарлаған едік. Осы хабарландыруды естіген Атырау қаласының тұрғыны, мұнай саласында еңбек еткен зейнеткер Мәлік Көптілеуов жазасын өтеуші әйелдер үшін қазақ және орыс тіліндегі 100-ден астам кітапты қайтарымсыз сыйлады», – дейді мекеме бастығының орынбасары Медет Әжіқұлов.Жадыра АҚҚАЙЫР