Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы № 29 мекенжайда орналасқан Қ.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62. Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 20-бабының негізінде ашық конкурс тәсілімен Университетке қарасты студенттер жатақханалары, оқу ғимараттарына қажетті тауарларымен жұмыстарды төмендегі лоттарға сәйкес сатып алу.
- №3 студенттер жатақханасының ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу;
- Университетке қарасты студенттер жатақханаларына аяқкиім сөресі, үстел, киім шкафы және тумбочка сатып алу;
- Университетке қарасты студенттер жатақханаларының линолеумдары мен қажетті есіктерін сатып алу;
- Университетке қарасты студенттер жатақханалары мен оқу ғимараттарына қажетті электр тауарларын сатып алу;
- Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
- Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
- Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
- Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтарын немесе суреттерін өткізуге тиіс.
- Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыруы керек.
- Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 5 пайызы (%) мөлшерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН-990440008043, БСК-HSBKKZKX, ЖСК-KZ436010291000010707, Кбе-16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат.
- Сатып алынатын тауарға кепілдік мерзімі 12 ай болуы міндетті.