Ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста ескерту жарияланды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 облыста ескерту жарияланды

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Қарағанды облысында алдағы екі күнде қар жауып, тұман, бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде күші – 15-20 м/с, екпіні – 23-28 м/с. Павлодар облысында екі күн үздіксіз қар жауады. Кей жерлерде тұман, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады. Боран соғады. Маңғыстау облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Ақтау қаласы мен Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады. Атырау облысында күндіз қар жауады. Бұрқасын, көктайғақ, боран болуы ықтимал.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Жамбыл облысында қар жауады.