Алматы қаласында “Келімсек” іс-шарасы барысында Тәжікстаннан келген жасөспірім ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметінің хабарлауынша, Алматы базарларына жүргізілген рейд кезінде басқа аймақтардан келген тағы 15 жасөспірім ұсталды.
– Қазақстан Республикасының басқа аймақтарынан келген жасөспірімдер заңды өкілдерінсіз Алматыда болған. Олар өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды. Олардың ата-аналарын анықтау бойынша шаралар қабылдануда. Өткен тәулікте Алатау мен Жетісу аудандарында орналасқан базарларға жүргізілген рейд барысында кәмелетке толмағандар жасаған 31 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, Қазақстан Республикасының аймақтарынан, сондай-ақ, көрші елдерден заңды өкілдерінсіз Алматыға келген кәмелетке толмағандарды анықтау, кәмелетке толмағандарды қоғамға қарсы іс-әрекеттерге тартатын ересектерді, сонымен қатар, оқу процесіне қатыспайтын және ұзақ уақыт оқудан жалтарып жүрген кәмелетке толмағандарды анықтау, – деп хабарлады Алматы қалалық ПД ЖПҚБ ювеналды полиция бөлімінің бастығы Жанна Шонжанова.Бөлімнің мәліметінше, базарда анықталған көше балаларының арасында Тәжікстаннан келген 17 жастағы азамат бар. Шаралар қабылдау үшін жас жігіт көші-қон қызметі қызметкерлеріне тапсырылды.