Елімізде жыл сайын орташа есеппен автокөлік құралдарында 2 мыңнан астам өрт болады. Тек 2020 жылдың 12 айында 2 216 автокөлік өрті болып, шығыны 618 млн. теңгені құраған. 2021 жылдың қаңтар айында көліктерде 210 өрт болды, оның шығыны 88 млн. теңгені құрады. 2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өрттер саны 2 есе артты (2020 жылы 110), материалдық залал 5 есе өсті (2020 жылы 15 млн. теңге). Автокөліктегі өрттердің негізгі үлесі жеңіл көлікке тиесілі, атап айтқанда, 187 жағдай немесе көліктегі өрттердің жалпы санының 89%-ын құрайды. Көлік құралдарында өрттердің пайда болуының негізгі себептері:
- автокөлік құралының электр жабдығын орнату және пайдалану қағидаларын бұзу;
- мотор бөліктерін жанғыш материалдармен жылыту, аталмыш материалдарды радиаторлар алдындағы кеңістікке орнату;
- қолдан жасалған газ жабдығын орнату;
- отты абайсыз қолдану;
- отын жүйесінің, қозғалтқышты майлау жүйелерінің ақауы;
- электр жүйесінің ақауы;
- ашық от көздерін қолдана отырып, автомобильдерді жөндеу жұмыстарын жүргізу;
- қозғалтқыштарды ашық от көздерімен жылыту;
- қасақана өртеу.