Боранда жылқы іздеуге шығып, адасып кеткен 7 жастағы бала табылды

Боранда жылқы іздеуге шығып, адасып кеткен 7 жастағы бала табылды

Боранда жылқы іздеуге шығып, адасып кеткен ағалы-інілі 19 жастағы жігіт пен 7 жастағы бала аман-есен табылды.

Құтқарушылардан кеше сағат 20.00-дер шамасында Есіл ауданы Бірлік ауылының түрғыны көмек сұраған. 19 жастағы жігіт пен 7 жастағы бала атшанамен жоғалған жылқыны іздеуге шығып кетіп, хабарсыз кеткен.

«Ағалы-інілі екі баланы іздеуге «ТРЕКОЛ» көлігімен 5 құтқарушы, 30 шақты ауыл тұрғыны, УАЗ және қарда жүретін көлікпен 6 полиция қызметкері аттанды. Түнгі сағат 23.39-да полицейлер оларды Есіл өзенінде, Бірлік ауылынан 5 шақырымдай жерден тапты. Екеуі де аман, денсаулығын тексерту үшін аудандық ауруханаға жеткізілді», – дейді ТЖД басшысы Рамиль Камалов.