Ақмола облысында жолда қар құрсауында қалған 67 адам эвакуацияланды. Оның ішінде 7 бала бар.
18-19 ақпанда Ақмола облысы аумағында ауа райы бұзылып, республикалық және облыстық маңызы бар жолдардың барлық учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылған-ды. Жағдайға қарамастан облыс тұрғындары боранды күні жолға шығып, қар құрсауында қалып қойды. Жергілікті атқарушы орган мен полиция қызметі бірігіп, адамдарды құтқарды. Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, негізі апаттық-құтқару жұмыстары Бурабай ауданында Щучье қаласының маңында жүргізілген. Адамдарды жылыту пункттеріне апарды. Жақсы ауданында Подгорное ауылынан жүкті әйел аудандық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ қызметкерлер «Шучье-Көкшетау» тасжолында қарға батып қалған 65 жеңіл автокөлікті сүйреп шығарды.А.ЖОЛДАС