Түркістан облысында ғасыр жасаған кейуана жеке куәлігін алды.
Созақта полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындарға, соның ішінде қарттарға, ҰОС ардагерлері мен мүмкіндігі шектеулі жандарға құжатын жасап беруге, ары-бері сандалтпауға көмек көрсетіп отырады. Осы мақсатта Созақ АПБ қызметкерлері жеке куәлігінің мерзімі өткен бір ғасыр жасаған әжені анықтады. Содан әжейді шаршатпастан қажетті құжаттарын жинақтап, фото-бейнеге түсірді. Осылайша, Созақ ауданының тұрғыны Сырғакүл Керімбековаға жеке куәлігін қайта жасауға көмек беріліп, дайын құжаты табысталды. Өз кезегінде 101 жасқа келген кейуананың куанышында шек болмады.Жалпы, Қазақстан Республикасы ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы полиция департаментінде құжаттанбаған немесе КСРО құжатымен қалып қойғандарға, егде жастағы жүріп-тұруы қиын қарияларға құжат рәсімдеу мақсатында көші-қон қызметкерлерінен арнайы мобильді топтар құрылып, қарқынды жұмыс жүргізуде. Ең басты мақсат – халыққа қолайлы қызмет ұсыну.