Қазақ радиосы байқау жариялайды

Қазақ радиосы байқау жариялайды

Бұл шара отандық БАҚ-тың 100 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылып отыр.

Қазақ радиосы 2021 жылы өзінің 100 жылдығын атап өтеді. Осыған орай үнжария ғасырлық мерейтойға арналған логотипке байқау жариялайды!

Талаптар:

-        Ғасырлық тарихы бар Қазақ радиосын дәріптеу әрі тақырыпты ашу;

-        Қолданыстағы (бекітілген) логотипті негізге алу;

-        Түсі мен шрифттер бекітілген логотипке сәйкес келуі тиіс;

                                      (brand book сілтемесі https://qazradio.fm/kz/events/3/)

-        Авторлық құқықтарға сәйкес болу;

-        Көшірме болмауы;

-        Байқауға қатысатындар авторлық жобасын JPEG форматта қысқаша мәтінмен (түсіндірмелік) qazradio100@gmail.com электронды поштасына жолдауы тиіс;

-        Байқауға жұмыстар 14.02.2020 дейін қабылданады;

-        Түскен материалдың барлығы әлеуметтік желіге жариялау құқына келіскен деп есептеледі;

-        Үздік шыққан логотип ұлт үнжариясының 100 жылдығына орай ұйымдастырылатын барлық шарада қолданылады;

-         Жеңімпазға 100 000 /жүз мың/ теңге көлемінде сыйақы ұсынылады.

-         Жеңімпаз анықталған соң логотип CorelDRAW форматта көрсетілген электронды поштаға жіберілуі қажет;

-         Жеңімпаз 17 ақпан күні анықталады

Нұсқаны Қазпошта арқылы жіберсеңіз, «Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі 4, Қазмедиа орталығы, «Қазақ радиолары» ЖШС» мекен-жайына жолдаңыз.