Елордада салынып жатқан Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің металл конструкциясы құлады.
Ведомство ұсынған ақпаратқа сәйкес, төтенше оқиға кезінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. [embed]https://youtu.be/mpdNbZeC8VM[/embed]«19 ақпан күні бас мешіттің құрылыс жұмыстарын жүргізу барысында монтаждалған металл конструкция құлады. Конструкция құлаған сәтте құрылысшылар түскі үзілісте болған. Бас мердігер «Сембол құрылыс» компаниясы тергеу жүргізетін комиссия құрды», – деді Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.