Теміртауда пәтердегі өрттен балаларды құтқарып қалды

Теміртауда пәтердегі өрттен балаларды құтқарып қалды

Қарағанды облысы Төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрт 2-қабаттағы пәтерден шыққан.

«21 ақпан күні сағат 10:53-те Теміртау қаласы О.Тищенко көшесіндегі үйде өрт шыққан. Бес қабатты үйдің 2-қабатындағы пәтерде жалпы ауданы 8 шаршы метр алаңда ағаш қалқан, заттар жанған. Өрт сағат 11:31-де толық сөндірілді. Көпқабатты үйден жалпы 6 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. 8 адам қауіпсіз жерге көшірілді», – дейді құтқарушылар. Өрттен ешкім зардап шеккен жоқ.

Бұған дейін Петропавлда жатақхана өртенгені жайлы жазған болатынбыз.