АҚШ президенті Дональд Трамп Apple компаниясына өкпеледі, – деп жазады 24.kz.
Дереккөздің жазуынша, ол компанияны қылмыскерді ұстауға көмектеспейді деп ренжіген.
«Біз Apple-ге үнемі саудасын жүргізуге, барлық жағынан көмектесіп жүрміз. Бұл компания болса қылмыскерлер, оның ішінде, баскесерлер, есірткі сатушылар мен қылмыстық топ басшыларын телефонын бұғаттан шешіп, ішін ақтаруға көмектесуден бас тартып отыр», — дееп жазды Трамп Twitter-дегі парақшасында.
АҚШ президенті компания қылмысты ашуға көмектессе деген ұсынысының орындалмағанын да айтқан.