Дизайнер Сәбит Сыраханды өлтірген адамға сот үкімі шықты

Дизайнер Сәбит Сыраханды өлтірген адамға сот үкімі шықты

Дизайнер Сәбит Сыраханның өліміне кінәлі адамға үкім шықты. Бұл іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралды.

Сот Дүйсенғалиевті ҚК 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" бойынша кінәлі деп таныды.

"Сот үкімімен С. Дүйсенғалиев 11 жыл 3 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ Дүйсенғалиев қаза тапқан жігіттің отбасына 10 миллион теңге моральдық залал өтеуге міндетті", – деді судья.

Үкім әлі заңды күшіне енбеді, шағымдануға болады. Сотталушы С.Дүйсенғалиев марқұмның отбасынан кешірім сұрап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Дизайнердің өліміне күдікті ретінде Алматыда 1991 жылы туған ер адам ұсталған болатын. Ол – марқұм кездескен қыздың ағасы. Күдікті қарындасы мен дизайнердің кездесуіне қарсы болып, оны ұрып-соғып, өлтіргенін мойындады.

Сәбит Сырахан – танымал streetwear дизайнері.