Еңбек ұжымдарын бағалады

Еңбек ұжымдарын бағалады

Мәжіліс депутаттары, Nur Otan партиясы фракциясы мүшелері Мұрат Теміржанов пен Нұрлан Әлімжанов Ақмола өңірін аралап, ондағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Көкшетау қаласына ресми іссапармен бар­ған депутат Мұрат Теміржанов өңірдегі ірі кәсіпорын «Қазақстан Агро Инновациялық кор­порациясында» болды. Ол шара аясында «КАИК» негізінде ауылшаруашылық техникаларын құрастыру процесімен танысты.

Қазақстан – Беларусь бір­лескен кә­сіпорны – ауыл­­шаруа­шылығы техни­ка­ларын, атап айтқанда, тір­ке­мелер, жинақ­тағыштар, қо­сым­шалар, жем-шөп жинау техни­каларын, экс­каваторлар, түрлі көлемдегі және моди­фика­ция­лы жүк тиегіш­тер өн­­дірісіне мамандан­ды­рыл­ған. Кәсіпорын сонымен қатар Беларусь пен Ресейде өнді­ріле­тін дайын өнімнің не­гізгі жет­кізу­­шісі саналады.

Кездесуде Мұрат Теміржанов депутаттардың өңірлерге іссапа­рының негізгі мақсатымен та­ныстырды. Содан соң ха­лық қалаулысы партияның облыс­тық филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қа­был­дады. Депутатқа 3 аза­мат өті­ніш білдіріп, түрлі мә­селе­лер бойын­ша көмекке жү­гінді. Барлық сұрақтар бойынша заң нормалары шеңберінде түсініктеме берілді. Сұрақ­тар­дың басым бөлігі ауыл­шаруа­шылығын дамыту, субсидияның төленуі тұрғысында болды.


Мәжіліс депутаты Нұрлан Әлімжанов Шортанды ауда­нындағы Бараев атындағы ас­тық шаруашылығы ғылыми-өндірістік институтының қыз­­меткерлерімен кездесті. Ол астық өсірудің заманауи тех­но­логияларымен танысып, инс­титут музейін аралады.

Музей 1979 жылы құрылған. Мұнда 260-тан астам тарихи құнды экспонаттар сақталған. Атап айтқанда, академик В.Кузьмин, А.Бараев, А.Зайцев­тің ғылыми жұмыстары сақта­лып, фотобейнелері жинақ­талған.

Ұжыммен кездесуде Нұрлан Әлімжанов Мәжілістегі заң шығару қызметі туралы, елде жүргізіліп жатқан реформалар барысын баяндады. Ол 2020 жыл­дың 1 қаңтарынан бас­тап күшіне енген өзгерістер ту­ралы, міндетті медициналық сақтандыруды енгізу, көп­ба­лалы отбасыларға мемле­кеттік жәрдемақыларды тағайын­даудың жаңа форматы, АӘК тағайындау, ауыл шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешенді мем­лекеттік қолдау шараларын түсіндірді.