Сатып алуды ұйымдастырушы: Түркістан қаласы, Б.Саттарханов даңғылы № 29 мекенжайда орналасқан Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті. (Университет) Телефон: +7(7253) 36-36-36, +7(7253) 36-36-62. Сатып алудың әдісі: Университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 23-бабының F-тармағы негізінде екі кезеңдік конкурс тәсілімен Университетімізге қарасты «Яссы ғалымдар үйінің» ағымдағы жөндеу жұмыстарын сатып алу. Сатып алудың нысаны болып табылатын жұмыстың басталу және аяқталу мерзімі: тараптар келісімшартқа қол қойған күннен бастап әлеуетті өнім беруші жұмыстарды 30 күнтізбелік күн ішінде аяқтауға тиісті. Сатып алуға қатысу шарттары: Сатып алуға қатысуға университеттің «Сатып алу және сату» Регламентінің 10-бабына сай баға ұсыныстарымен бірге төмендегі құжаттарды ұсынуларыңызды сұраймыз:
- Әлеуетті өнім берушінің қаржылық жағдайы туралы банктен алған анықтамасы;
- Сатып алу нысаны болып табылатын тауарды жеткізу саласындағы тәжірибесін растайтын құжаттары;
- Әлеуетті өнім берушінің заң талаптарына сәйкес тиісті құзыретті органдарға тіркелуі туралы анықтама;
- Әлеуетті өнім беруші тауардың сапа сәйкестігін тексеру мақсатында олардың үлгілерін, каталогтарын немесе суреттерін өткізуге тиіс.
- Әлеуетті өнім беруші ҚҚС төлеуші болса, сатып алынатын тауарлар бойынша ұсынған баға ұсынысының ішінде ҚҚС қарастыру керек.
- Конкурсқа қатысуға және шарттық кепілдік ретінде конкурсқа жарияланған жалпы сомасының кем дегенде 5-пайызы (%) мөлшерінде мына есепшотқа аударылуы талап етіледі: Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ мекемесі, БСН-990440008043, БСК-HSBKKZKX, ЖСК-KZ436010291000010707, Кбе-16, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ немесе банктік кепілдік берілуге рұқсат.
- Сатып алынатын жұмыстың кепілдік мерзімі 12 ай болу міндетті.