Әуезов ауданындағы Алтын бесік ықшамауданының тұрғындары 17 ақпанда өткен Алматы қаласы әкімінің есептік кездесуінде жатақхана салу жоспарын қайта қарау туралы өтініштерін білдірген еді.
Олар өз өтінімдерінде қала басшысын жоспарланған құрылыс орнына шақырған болатын.«Аталған жерге барып, Алматы технологиялық университетінің студенттеріне арналған жатақхана ғимаратына жер телімін беру туралы қаулының күшін жою туралы шешім қабылдадым. Жуырда студенттік үй үшін басқа қолайлы жер қарастырамыз», – деді Б.Сағынтаев.
Айта кету керек, қала халқы қазір өте белсенді. Қоғамда болып жатқан әрбір жағдайға үн қосып, пікірлерін білдіріп отырады. Бұған дейін қаланың Орталық мәдениет және демалыс саябағы маңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті жатақхана тұрғызатыны жайлы бастамаға да өз наразалықтарын білдірген болатын.