Сақтандыру төлемдерін алу үшін өз көлігін өзі әдейі ұрлатқан астаналық ұсталды

Сақтандыру төлемдерін алу үшін өз көлігін өзі әдейі ұрлатқан астаналық ұсталды

Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны полицияға Toyota RAV 4 көлігі жоғалғанын айтып, арызданған.

«Жедел іздестіру нәтижесінде, 53 жастағы "жәбірленуші" сақтандыру төлемдерін алу мақсатында несиесін төлеуден жалтарып, автокөлігін айдап әкетуге тапсырыс берген. Қылмыс жоспарын алдын ала ойластырған. Көлігін ұрлайтын таныс тауып, оларға ақшалай сыйақы төлеуге уәде берген. Олар көлікті ұрлап, Алматы облысында белгісіз адамға сатқан. Ұрлық жасағандар ұсталды. Кінәсін мойындады», – дейді полицейлер.

Көлік иесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.