Отырардағы қыз ұзату тойын тоқтатты

Отырардағы қыз ұзату тойын тоқтатты

Отырар ауданының полицейлері Қоғам ауылындағы тойды тоқтатты. Мобильдік топ өкілдері тексеру жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Нәтижесінде той тоқтатылды. Той иесіне қатысты хаттама толтырылып, СЭББ-ға жолданды. Түркістан облысының полицейлері коронавирусқа байланысты эпидемиологиялық жағдайдың күрделенуіне орай, карантиндік режимнің сақталуын бақылау бойынша іс-шаралар жүргізуді жалғастырып жатыр.

Мобильді топтар азаматтардың, сауда және ойын-сауық орындары, дүкендер мен базар иелерімен, сондай-ақ адам көп жиналатын орындар, қоғамдық көліктер және көшеде карантин талабы сақталуын тексеруде.