Нұр-Сұлтанда мемлекеттік сатып алу кезінде 1 миллиард теңгеден астам қаржы жымқырған
Агенттік мемлекеттік сатып алуды өткізу кезінде
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің мердігер ұйымдарымен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.
«Тергеу барысында қала әкімдігінің тауар-материалдық құндылықтарды қымбат бағада сатып алғаны белгілі болды. Мемлекетке келтірілген залал мөлшері 1 млрд теңгеден асады. Бұл қаражатқа 300 орындық балабақша немесе медициналық мекемелерге қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға болатын еді»,– делінген агенттіктің хабарламасында.
Қазына қаржысын талан-таражға салғандарға қатысты тергеу басталды.