Қос азаматтығы бар мемлекеттік қызметшілер, квазимемлекеттік ұйымдардың басшыларына қатысты жауапкершілікті күшейту керегін тапсырды.«Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Тиісті норма Конституциямызда да бар. Дегенмен, соңғы уақытта тіпті мемлекеттік қызметшілерде қос азаматтықтың бар екендігі туралы фактілер жиі кездеседі. Бұған жол беруге болмайды. Бұл – өте байыпты мәселе. Өйткені ұлттық қауіпсіздігімізге қатысты. Мұндай фактілердің жолын кесу қажет», – деді Президент.
Мемлекет басшысы бұған дейін мемлекеттік қызметкерлер санын қысқартуға қатысты тапсырма бергенін да жазған болатынбыз.