«Бала тәрбиелеудегі ең үздік елдер» рейтингінде Қазақстан 73-орында тұр.
US News басылымы әлемнің 73 елінің бала тәрбиелеу ісі бойынша талдау жүргізіп, арнайы рейтинг жасаған екен. Мемлекеттерге бірнеше категория бойынша баға берілген. Адам құқығы, отбасындағы жылылық, гендерлік теңдік, бақыт, табыс теңдігі, қауіпсіздік, мемлекеттік білім жүйесі және денсаулық сақтау саласының дамуы бойынша мінездеме жасалған. Үздіктер қатарында Швеция, Дания және Норвегия елдері тұр. Білім жүйесі бойынша да бұл елдер алдыңғы қатарға шыққан еді. Енді тәрбие саласының да үздігі атанып отыр. Рейтинг бойынша Ресей – 46-орын, Түркия – 49, Украина 58-орынға жайғасқан.
Қазақстан рейтингте ең соңғы орындардың біріне табан тіреген. Бұл дегеніңіз – табиғи байлығы мол елдің рухани жұтаңдығын көрсетсе керек. Яғни, біздің сапалы ресурс дайындауда әлдеқайда артта қалып қойғанымыз анық. Әйтеуір, «қолымызды мезгілінен кеш сермеп» жүрмесек болғаны.