Қазақстандық теннисші Австралияда WTA турнирінде жеңіске жетті

Қазақстандық теннисші Австралияда WTA турнирінде жеңіске жетті

Бұл жетістігі оны әлемнің үздік 30 теннисшісі қатарына енгізді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина австралиялық Хобартада өтіп жатқан WTA турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz. Жүлде қоры 250 мың доллардан асатын турнирдің финалында қазақстандық теннисші қытайлық Чжан Шуайды 7:6 (9:7), 6:3 есебімен жеңіп кетті. Кездесу бір сағат және 30 минут жалғасты. 20 жасар Рыбакина әлемнің 30-шы ракеткасы, ал 31 жасар Шуай WTA рейтингісінде 40-шы орында. Бұған дейін теннисшілер бір-бірімен кездеспеді. Айта кету керек, Хобартадағы турнирдің бірінші айналымында Рыбакина Словениядан келген Тамара Зиданшекті 6:1, 6:4 есебімен жеңді, ал екінші айналымда француздық Ализе Корнеден 7:5, 6:3 есебімен басым түсті. Ширек финалда қазақстандық теннисші өте тартысты кездесуде 6:7, 7:6, 7:5, есебімен австралиялық Лизет Кабрераны тізе бүктірсе, жартылай финалда ұлыбританиялық Хизер Уотсоннан айласын асырып кетті. Есеп – 6:3, 4:6, 6:4. WTA турниріне Рыбакина екінші рет атысып отыр. Бірінші титулын ол 2019 жылдың шілдесінде теннистен Бухарест ашық чемпионатының (BRD Bucharest Open) жеңімпазы атанған кезде жеңіп алған болатын. Естеріңізге сала кетейік, WTA жаңартылған рейтингісінде Рыбакина мансабында тұңғыш рет әлемнің үздік 30 теннисшісі қатарына енді. Сондай-ақ Юлия Путинцеваны алдын орап Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды. Келесі рейтингте Рыбакин бірінші рет әлемнің үздік 25 теннисшілеріне жақындайды. Қытайдың Шэньчжэнінде өткен WTA турнирінде Рыбакина финалға дейін жетті. Жүлде қоры 750 мың долларды құрайтын турнирдің басты матчында ол ресейлік спортшыға жол берді