Жаңа қызметке Ержан Әбілханов келді.
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов облыс активіне өзінің жаңа орынбасары - Ержан Әбілхановты таныстырды, деп azh.kz.
Ержан Әбілханов президенттік Жастар кадрлық резервін ұсынған 300 азаматтың бірі, Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының тумасы.
Ол "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты, Малайзия технологиялық университетінде оқыған. Қазіргі қызметіне тағайындалғанға дейін ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры болып жұмыс істеді. Оны ҚР Энергетика вице-министрі қызметіне кеткен Жұмабай Қарағаев басқарған блоктарға қойды.