Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды (Видео)

Алматы қаласы Алатау ауданының бұрынғы әкімі ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікпен ұсталды (Видео)

Сондай-ақ, оның орынбасары да 500 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілініп отыр.

«Алматы қаласы Алатау ауданының әкімі Шахмерден Рыспаева 2019 жылы "Өңірлерді 2020 жылға дейін дамыту" мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген бюджет қаражатын ірі көлемде жымқырды деп айыпталуда», – деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Сондай-ақ, оның орынбасары мен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы да күдікке ілінді.

"Аудан әкімі мен оның орынбасары тұтқындалды және уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Кінәсін мойындап күдіктінің өзі және қорғаушысы тарапынан келу туралы міндеттеме берілгендіктен әкімдік мәдениет бөлімінің басшысына қатысты процессуалды тұтқындау әрекеті қолданылған жоқ", – деп хабарлады ведомстводан.

Күдіктілердің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.

"Сондай - ақ, аудан әкімі орынбасарының жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымның өкілінен 500 мың теңге сомасында пара алу, қызметтік жалғандық жасау фактілері бойынша тергеу жүргізілуде", – делінген ақпаратта.

17 қаңтарда Шахмерден Рыспаев өз еркімен аудан әкімі қызметінен босатылғаны хабарланған болатын.

https://youtu.be/03o9tyy3Lj0