26 ақпанда ҰҚК Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша департаменті «Қарасу» автокөлік өткізу пунктінде ірі көлемдегі дәрі-дәрмек партиясын Қазақстаннан Қырғызстанға заңсыз алып өтпек болғандарды анықтаған. Бұл жайында ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.
Дәрі-дәрмектің 86-дан астам түрі анықталған жүктің тасымалдауға рұқсат құжаты болмай шыққан. Контрабандалық тауардың бағасы 50 млн теңгеден асады.Екі жағдайда да материалдар жергілікті мемлекеттік кірістер департаментіне берілген.27 ақпанда дәл осы бекетте дәрі-дәрмектің ірі партиясын заңсыз өткізудің тағы бір фактісі анықталған. Бұл жолы препараттардың құны 20 млн теңгеден асады.