Көше кезіп жүрген қасқыр тұрғындардың үрейін ұшырды

Көше кезіп жүрген қасқыр тұрғындардың үрейін ұшырды

Түз тағысының қала маңына қалай келгені әзірге белгісіз

Қасқырды Ақсу ГРЭС ауданындағы көпқабатты үйлердің тұрғындары байқаған. Түз тағысы тұрғын үйлердің ауласында қарапайым ит сияқты жүгіріп жүрген. Куәгерлердің айтуы бойынша, жыртқыш адамдарға шабуылдап, басқа да бөтен мінез көрсетпеген. Алайда, ауласында жабайы аңмен алысқысы келмеген тұрғындар полицияға хабарлайды.

"Бүгін таңертең Ақсу тұрғын үй секторында қасқыр жүргені туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына қорықшы, аңшылық қоғамының өкілі, жергілікті учаскелік полиция қызметкері, табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері шықты. Бұл ауыл бізге емес қалаға қарайтын аумақ. Бірақ біз сонда да әрекет етеміз", - деді Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің директоры.

Оның айтуынша, жануар сол жерде атылды. "Жабайы аңдарөзінің үйреншікті жерінен сыртқа шыққанда оқыс әрекеттерге баруы мүмкін. Сонымен қатар, қауіпті жыртқыш тұрғын үйлердің ауласында жүр. Сол маңда адамдар, балалар бар. Ешқандай қайғылы жағдайға жеткізбей жыртқыштың көзін жойғанымыз дұрыс болды", - деп атап өтті Павлодар орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің орманшысы Александр Гребенюк.

Түз тағысының қала маңына қалай келгені әзірге белгісіз. "Біздің орманшыларымыз Ақсу маңында қасқырларды ешқашан байқамаған. Қанша дегенмен шулы қала ғой. Мұнда даладан келуі әбден мүмкін. Бірдеңеден қашып немесе ауа-райының қолайсыздығынан осында тап болған. Облыста боран болды ғой. Ол адасып қалған шығар", - деп атап өтті Қонақбаев.