Алматыда жанармай бекетін тонау сәті видеоға түсіп қалған.Тәртіп сақшылары қарақшылық қылмыстың ізін суытпай ашты. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметіше, 26 ақпан күні таңғы сағат 04.00-де Жетісу ауданында орналасқан жанармай бекетіне бетперде киген екі адам қарақшылық шабуыл жасады. Олар кассир-операторды тапаншамен қорқытып, ақшаны алып кеткен.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында 20 мен 24 жас аралығындағы үш ер адам анықталды. Барлығы Түркістан облысының тумасы. Күдіктілер қамауға алынды. Аталған факт ҚР ҚК-нің 192 бабы, 2 бөлігі бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу басталды. Олар 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін»,– дейді Жетісу аудандық полиция басқармасы бастығының міндетін уақытша атқарушы Асхат Дәулетияров.Олар кассадан 135 мың теңге алып кеткен. https://youtu.be/tf1FOvrbRAc