Қазақстанның бірнеше өңірінің тас жолдарында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
"ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай хабарлағандай. ауа райының қолайсыздығына байланысты келесі учаскелерде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды:
1. Өскемен — Шемонаиха-РФ шекарасы, 105-123 км (Шемонаиха-РФ шекарасы);
2. Семей-Қайнар, км 144-266 (Саржал-Қайнар);
3. Алматы — Өскемен трассасында жүк және қоғамдық көлік үшін, 967-1068 км (Қалбатау-Қ. Қайсенов);
4. Омск-Майқапшашай, км 910-1002 (Қалбатау-Көкпекті)
5. Семей-Қайнар трассасындағы жүк және қоғамдық көлік үшін, км 8-144 (Семей-Саржал);
6. Өскемен-Риддер — РФ шекарасы трассасындағы жүк және қоғамдық көлік үшін, 15-105 км (Белоусовка-Риддер);
7. Өскемен-Шемонаиха — РФ шекарасы трассасында жүк және қоғамдық көлік үшін, 15-105 км (Глубокое-Шемонаиха);
8. Қызылорда-Павлодар, 1066-1135 км (Молодежное-Павлодар облысының шекарасы);
9. Қызылорда-Павлодар, 1135-1206 км (Қарағанды облысының шекарасы — Бозшакөл).
"Қазавтожол" хабарлағандай, Республикалық маңызы бар жолдарда 643 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.
"Автомобилистерге жол жүру ережелерін сақтау, белгіленген жылдамдықты, қозғалыс интервалын сақтау және негізсіз маневрлер мен күрт тежеулерден аулақ болу қажеттігі туралы ескертеміз. Сонымен қатар, жолдарға тек қысқы резеңкемен шығу ұсынылады. Төтенше жағдай туындаған жағдайда 1403 қысқа нөміріне хабарласуға болады", — деп атап өтті "Қазавтожол"АҚ.