Павлодар облысында халық саны азайған

Павлодар облысында халық саны азайған

Қазіргі уақытта облыстағы халық саны – 751011 адам, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Павлодар облыстық Статистика департаменті өңірдегі демографиялық жағдай туралы мәлім етті. Павлодар облыстық Статистика департаментінің өңірдегі демографиялық жағдай туралы мәліметіне қарағанда, 2021 жылғы 1 қаңтарда өңірдегі халық саны 751011 адамды құраған. Соның ішінде қалалықтар – 530209 (70,6%), ауылдықтар – 220802 адам (29,4%). Облыста ер адамдар саны - 355996 (47,4%), әйел адамдар – 395015 (52,6%). 2020 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда халық саны 1158 адамға немесе 0,2%-ға азайған.

"Қарастырылып отырған кезеңде Павлодар қаласында ғана халық саны 1395-ке артты. Қалған қалалар мен аудандарда халық саны азайды", – деді департаментте.