Алматы қаласында жүк көлігі жерастына түсіп кетті. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Қажымұқан көшесінің бойында болған. Оқыс оқиғадан жүк көлігінің жүргізуші жарақат алған. Қалалық жедел жәрдем қызметі хабарлағандай, бас сүйек-ми жарақатын алған жүк көлігінің жүргізушісі ауруханаға жеткізілген.
«Науқастың жағдайы – орташа ауыр. Ол №4 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді», – делінген хабарламада.Әлеуметтік желіде жарияланған видеода жүк көлігінің жартысына жуық бөлігі жер астына түсіп кеткенін байқауға болады. Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға орнына Медеу аудандық полиция басқармасының тергеу-жедел тобы жіберілді. Мән-жай анықталып жатыр. Болған оқиғаға құқықтық баға беріледі.