"Қазгидромет" РМК 2-4 наурызға арналған ауа-райы болжамын жариялады.
"Қазақстан аумағына кезекті атлантикалық циклон жетеді. Атланттың жылы және ылғалды ауасы батыстан соққан желмен бірге еседі. Қар мен жаңбыр түрінде жауын-шашын болады",– делінген хабарламада.Солтүстік аймақтарда көктайғақ, тұман, қарлы боран күтіледі.