Дональд Трамп АҚШ-қа арнайы барып, бала туғысы келетін шетелдіктерге виза беру ережесін қатаңдататынын мәлімдеді, – деп хабарлайды CNN-ге сілтеме жасаған «ҚазАқпарат».
Дереккөздің жазуынша, АҚШ-та туып, балаға автоматты түрде АҚШ азаматтығын алуға мүмкіндік беретін ережені қайта қарастырып жатқанын мәлімдеген.
Өйткені шетелдіктердің көбісі АҚШ азаматтығын алу үшін виза алатын болған.
Дереккөздің жазуынша, АҚШ-та дүниеге келген шетелдік балалар туралы ресми статистика жоқ.
Бірақ жыл сайын шамамен 33 мың адам АҚШ-та босануға баратын көрінеді. Жаңа ереженің талаптары жуырда жарияланады.
Бұл шешім ұлттық қауіпсіздік үшін қабылданбақ.